Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    " Қамқорлық " акциясы


    «
    Жылы жүрек – жомарт қол» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса, 
    Жүргізуші:          
    Өркенім өссін десең,
    Кекшіл болма -
    Кесапаты тиер еліңе.
    Елім өссін десең,
    Өршіл болма -
    Өскеніңді өшіресің.
    Жанашыры жоқ жарлыға
    Жәрдемші бол асыға,
    Қиын қыстау күндерде
    Өзі келер қасыңа.
    Бүгін сағы сынды деп,
    Жақыныңды басынба
    Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
    Алғы сөз

    1. Сөз кезегін Ақсай қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің директоры

      __Ишанова Гүлшат Қайыржанқызына__ сөз кезегін беремін.

    1. Директордың тәрбие ісінің орынбасары
      __Қарағойшина Лида Мағзомқызына_ сөз кезегін беремін
      Жүргізуші:

    Жансаң көзі қарақты
    Қиналғанды аңғарар
    Өзіңнен сөз тарапты
    Жақсылыққа жалғанар
    Дәнекер боп жүргенің
    Азаматтық ерлігің
    Жөн жосықты білгенің
    Еңсесі биік елдігім
    Байлық қуат алапат
    Қағып түсер қарғысың

    Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын әнші қыздарымыздың әнімен ашалық.

    6б мен 6в сынып оқушылары: Иситова Айнұр және Орынбекова Гауһардың орындауында ән  «Көңілді күн»

    Жүргізуші:

    Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
    Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
    Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
    Жақсыларды табуың қиын екен...
    Ән. «Сәулем-ай» Орындайтындар:  4ә сыныбы


    Жүргізуші:
    Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
    Күн арқалап кетеді таңды мына,
    Менің жаным ашиды барлығына,
    Таң нұрына, адамның тағдырына.
    Ән «Әнім сен едің».

    Орындайтындар: 4а сынып оқушысы Тоғжанова Әйгерім

    Мәнерлеп оқу

    2а сынып оқушысы: Ойратов Аян «Отан»

    5в сынып оқушысы: Есеркипов Аселхан «Ана»

    7б сынып оқушысы: Сарсенбаева Аружан «Жер»

     
    Жүргізуші:

    Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,
    Қазақ – нағыз қазақ емес,
    Нағыз қазақ – Домбыра!
    Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
    Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.
    Күй. «Балбырауын» Орындайтын: 7ә сынып оқушылары

    Жүргізуші:

    Атаң болса, анаңмен -
    Алтыннан соққан қорғаның,
    Ағаң болса ақылды -
    Ешкімнен кем болмадың.
    Інің болса жанашыр -
    Семсер қылыш білегің.
    Ақылды қыз, ақылды ұл -
    Өкпе – бауыр, жүрегің.

    Ән «Жаяу».

    Орындайтындар: 4а сынып оқушысы Берегенов Расул

    Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын

    Бекер айттым екен деп айта алмаймын

    Өйткені біреулерге бақыт қонса

    Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым

    Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын

    Сазды әуенге елітіп алданбаймын

    Бір әумесер есірсе есі кетіп

    Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың

    Бұл өмңр тәтті де емес тамсанатын

    Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын

    Ойсыздарға ой салған оқпан болып

    Асып тасқан жерінде ән салатын

    Ән «Ана туралы жыр».

    Орындайтындар: «Жігіттер триосы» 4ә сынып оқушылары

    Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы деп білемін.
    Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды, көмегімізді  аямайық ағайын!

    Мәнерлеп оқу «Бақыт деген ...».

    Орындайтындар: 6в сынып оқушысы Орынбекова Гауһар
                                Бақыт деген ...

    Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
    Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
    Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?
    Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
    Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
    Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
    Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
    Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
    Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
    Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
    Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
    Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
    Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
    Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
    Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
    Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!


    Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.
    Соңы

     

     

    10.02
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки